"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Жаңақорған кенті әкімінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 931 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті әкімінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 86 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурызындағы № 213 Заңдарына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 177 ұсыныс хатына сәйкес Жаңақорған кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Жаңақорған кенті әкімінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 931 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 17 шілдеде № 5061 болып тіркелген, 2015 жылдың 05 қыркүйекте № 69 (7887) "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
      Жаңақорған кентінің әкімі К. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады