Амангелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 294 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 201 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 294 "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-6-118 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 желтоқсанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады