Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 324 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтын көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, баспасөз басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жолдауды;
      2) бұйрықтардың күші жойылды деп тану және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастау туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
      3) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы    
№ 324 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігі төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі

      1. «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/59 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6953 болып тіркелген).
      2. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 464 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9051 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. «Салық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 302 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9679 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады