Шектеу іс-шараларын алу және Қазақстан селолық округі әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан селолық округі әкімінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 02 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1-08/498 ұсынымы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ауыл шаруашылық жануарларының лейкозбен ауыру ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты, "Бакауов" шаруа қожалығына тиесілі Железин ауданы Қазақстан селолық округінің Жаңа жұлдыз селосындағы алаңы 174,6 шаршы м., кадастрлық № 14-206-016-361, жер учаскесі аумағындағы шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Қазақстан селолық округі әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2015 жылғы 04 қыркүйекте № 4686 болып тіркелген, аудандық "Туған өлке" газетінің 2015 жылғы 12 қыркүйектегі № 36 және "Родные просторы" газетінің 2015 жылғы 12 қыркүйектегі № 36 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Қазақстан селолық округінің әкімі З. Оразакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады