"Құркелес ауылдық округі Еңкес ауылының Ш.Қалдаяқов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" ауылдық округ әкімінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 62 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 қазандағы № 76 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 5 қазандағы № 02-17/258 (02-16) ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Құркелес ауылдық округі, Еңкес ауылы, Ш.Қалдаяқов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" ауылдық округ әкімінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 62 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3327 тіркелген, 2015 жылғы 4 қыркүйекте "Сарыағаш" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Құркелес ауылдық округі әкімінің орынбасары Х.Байболаевқа жүктелсін.
      Құркелес ауылдық
      округінің әкімі А.Рахимбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады