Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 82 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Иманғалиевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі А. Шахаров

  2015 жылғы "29" сәуір № 82
Қаратөбе ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 80 "Қаратөбе ауданының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3548 тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымдағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын;
      2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 134 "Қаратөбе ауданының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы №80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3638 тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі "Қаратөбе өңірі" газетінің №39 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады