Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 02 наурыздағы № 406 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп саналсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      сессия төрайымы хатшысының міндетін
      атқарушы
      Л.Ильчевская И.Кунакбаев

  Аудандық мәслихаттың
  2016 жылғы 2 наурыздағы
  № 406 шешіміне
  қосымша

      1. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 169 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3752 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында № 5 аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 171 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3761 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында № 5 аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі;
      3. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2015 жылдың 6 мамырындағы № 290 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 171 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4333 тіркелген, 2015 жылдың 9 шілдесінде № 33 аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады