Мұғалжар ауданының Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің Қаракөл және Жаңатұрмыс ауылдары аумақтарында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 11-26/76 ұсынысының негізінде, Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің Қаракөл және Жаңатұрмыс ауылдының ірі қара малдарын сарып ауруынан сауықтыру іс-шараларының толық аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 6 "Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің Қаракөл және Жаңатұрмыс ауылдары аумақтарында шектеу іс-шараларын бекіту туралы" (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қазанда № 4539 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Ауылдық округінің әкімі К.Б.Биримжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады