Аудан әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 96 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Аудан әкімінің м.а Ж.Қалмағанбетов

  Аудан әкімдігінің
  2016 жылғы "14" сәуірдегі № 96
  қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. 2010 жылғы 1 ақпандағы № 12 "Темір ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарында квота бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-124 болып тіркелген, "Темір" аудандық газетінде 2010 жылы 19 наурызда жарияланған).
      1) Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 368 "Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 12 "Темір ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарында квота бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3685 болып тіркелген, "Темір" аудандық газетінде 2013 жылы 6 желтоқсанда жарияланған).
      2. 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-147 болып тіркелген, "Темір" аудандық газетінде 2011 жылы 20 мамырда жарияланған).
      1) 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 240 "Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3420 болып тіркелген, "Темір" аудандық газетінде 2012 жылы 12 қазанда жарияланған).
      2) 2013 жылғы 18 қарашадағы № 369 "Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 "Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 болып тіркелген, "Темір" аудандық газетінде 2013 жылы 6 желтоқсанда жарияланған).
      3. 2012 жылғы 3 ақпандағы № 33 "Темір ауданының жұмыссыздары үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-162 болып тіркелген, "Темір" аудандық газетінде 2012 жылы 2 наурызда жарияланған).
      4. 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 102 "Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4344 болып тіркелген, "Темір" аудандық газетінде 2015 жылы 19 шілдеде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады