Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 17/09 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарының негізінде Сәтбаев қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 01/01 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 6 (2195) нөмірінде және 2016 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған);
       2) 2011 жылғы 11 тамыздағы № 17/25 "Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-126 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 77 (1943) нөмірінде жарияланған);
       3) 2012 жылғы 22 қазандағы № 22/01 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағндар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 11 тамыздағы № 17/25 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1986 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 60 (2031) нөмірінде жарияланған).
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Имамбайға С.С. жүктелсін.
      Сәтбаев қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
Ыдырысов А.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады