Екібастұз қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 58/9 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының негізінде Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      Сессия төрағасы С. Садвакасов
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков

  Екібастұз қаласы мәслихатының
2016 жылғы 19 тамыздағы
№ 58/9 шешіміне
қосымша

Екібастұз қалалық мәслихаттың күші жойылған шешімдерінің тізімі

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 207/26 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 4 мамырда № 3787 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда "Отарқа" газетінде, 2014 жылғы 7 мамырда "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған).
      2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 207/26 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" № 285/33 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 қарашада № 4157 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада № 47 "Отарқа" газетінде, 2014 жылғы 27 қарашада № 47 "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған).
      3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 маусымдағы "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 207/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 329/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 шілдеде № 4573 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде № 28 "Отарқа" газетінде, 2015 жылғы 16 шілдеде № 28 "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады