Махамбет аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 174 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының көшірмесі Атырау облысы Әділет департаментіне жіберілсін.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Қалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

  Аудандық әкімдігінің 2016 жылғы "08" маусымдағы № 174 қаулысына қосымша

Махамбет аудандық әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылары

      1. Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "Махамбет аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3088 тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған);
      2. Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 2 "Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3089 тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған);
      3. Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 3 "Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3090 тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады