Отырар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 47/260-V шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы заңының 7 бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Отырар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ. Нұрқұлов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Зұлпыхаров

  Отырар аудандық мәслихатының
2016 жылғы 1 наурыздағы
№ 47/260-V шешіміне қосымша

Отырар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ

      1. "Б" корпусындағы Отырар аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы;" Отырар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 39/225-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3388 болып тіркелген, "Отырар алқабы" газетінің 2015 жылғы 6 қарашасындағы № 44 санында жарияланған);
      2. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы;" Отырар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қазандағы № 40/231-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3438 болып тіркелген, "Отырар алқабы" газетінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 48 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады