"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 70 қаулысының және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 38 қаулысы 2-тармағының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 180 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысының күші жойылды деп танылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4345 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 1 қыркүйекте № 158 (964) жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 38 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7008 тіркелген, 2011 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 6 жарияланған) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын;
      3) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін оны бір апталық мерзімде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы1 қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Д. Ақышев

      1"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 70 қаулысының және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 38 қаулысы 2-тармағының күші жойылды деп тану туралы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады