"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 44 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 22 қазандағы № 326 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.10.2021 № 326 бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 925 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 3-тармағына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) ұлттық әдебиет қорын қалыптастыру және қоғамдық маңызы бар кітаптарды шығару;";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      23-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлеу;".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады