Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 119 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "TS-AGRO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылдық округі жерінен электр желісі құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 15, 32 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2024 жылдың 27 шілдеге дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Темір аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

  Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 119 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Учаске №

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі (гектар)

оның ішінде

Жайылым, га

Басқа да жерлер, га

1

Бабатай ауылы (елді мекен жері)

1,75

1,75


2

Темір ауданы (босалқы қордағы ауыл шаруашылығы жері)

2,5

2,5


3

"Асылхан" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

2,83

2,83


4

"Айдос" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

2,71

2,71


5

"Қасым" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

2,0

2,0


6

"Дастан" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

1,06

1,06


7

"Кеңой" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

2,47

2,47


Барлығы:

15,32

15,32



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады