Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы № 184 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4 тармағына, 71-1 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "RАМСО Oil Shubar" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Жақсымай, Кеңестуы және Шұбарқұдық ауылдық округтері жерінен пайдалы қазбаларды барлау үшін жалпы көлемі 2445 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2022 жылдың 1 қарашасына дейінге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Темір ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады