Жезқазған қаласының 3 ауылдық округтер (Кеңгір ауылдық округі, Талап ауылдық округі, Сарыкеңгір ауылдық округі) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу Тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 44/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" №139 бұйрығына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жезқазған қаласының 3 ауылдық округтер (Кеңгір ауылдық округі, Талап ауылдық округі, Сарыкеңгір ауылдық округі) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу Тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі К. Абсаттаров

  Жезқазған қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 08 қарашадағы
№ 44/03 қаулысына қосымша

Жезқазған қаласының 3 ауылдық округтер (Кеңгір ауылдық округі, Талап ауылдық округі, Сарыкеңгір ауылдық округі) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу Тәртібін бекіту туралы

1 тарау. Негізгі ережелер

      1. Жезқазған қаласының 3 ауылдық округтер (Кеңгір ауылдық округі, Талап ауылдық округі, Сарыкеңгір ауылдық округі) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу Тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

2-тарау. Ауылдық округтер бюджеттер кірістерінің болжамды көлемдерін айқындау

      2. Ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы №34 бұйрығына ұқсас есептеледі.

      3. Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын Бюджет кодексінің 45-бабының 7-тармағына сәйкес қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы сырғымалы негізде жыл сайын, тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындайды.

3 тарау. Ауылдық округтер бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерін айқындау

      4. Ауылдық округтер бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және тұрақты сипаттағы шығындар (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);

      материалдық-техникалық базаны нығайтуға және күрделі жөндеуге арналған шығындардан тұрады.

      Ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемдерінен жергілікті бюджет бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілмеу сомаларын ескеретін өткен жылда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарының орташа көлемі алып тасталады.

4 тарау. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      5. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін жалпы ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      6. Ауылдық округтер бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:

      1) Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және қаланың бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);

      2) ауылдық округтер бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) ауылдық округтер бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      7. Ауылдық округтер бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      8. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауылдық округтер ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұнда:

     


      – і ауылдық округтер j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;

      Зj – ауылдық округтер бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;

     


      – і ауылдық округтер j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;

     


      – і ауылдық округтер j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа облыстық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:

     


     

      мұнда:

      Халіауыл – i- ауылдық округтің ауыл халқы санының болжамы;

     


      – j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық , ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;

      2) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      мұнда:

      bi – і ауылдық округтің жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті ауылдық округтер бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді.

5 тарау. Ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу

      11. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = АШi* k1* k2, мұнда:

      БДБШі – і- облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есеп-қисап шығындары;

      АШi – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындары;

      k1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

  Ауылдық округтер бюджеттерінің
кірістері мен шығындарының
болжамды көлемін есептеу
Тәртібіне қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығы

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлік (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы; жылыту маусымының ұзақтығы

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Елді мекендерді көркейту


тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығы

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы; жылыту маусымының ұзақтығы

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)

жолдарды күтіп-ұстау; жылыту маусымының ұзақтығы

13. Басқалар

Басқалар

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады