Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 422 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұсынысы негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Geo Engineering Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 3738,0 гектар жер учаскесіне 2026 жылдың 26 қарашасына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Geo Engineering Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      3. "Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рүстемов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 4 тамыздағы №422
  қаулысына қосымша

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлік нөмірі

1

"Мырзахмет" ШҚ

10-149-040-757

2

"Ынтымақ" ЖШС

10-149-040-256

3

"Батырхан" ШҚ

10-149-040-1750

4

"Мәден-Ата" ШҚ

10-149-040-1107

5

"Мырзабай" ШҚ

10-149-040-2417

6

"Нұрбақыт" ШҚ

10-149-040-2371

7

"Саудагүл" ШҚ

10-149-040-2569

8

"YSD-Агро" ЖШС

10-149-040-1877

9

"Нұр" ШҚ

10-149-040-2079

10

"Тұртан-Ата" ШҚ

10-149-040-1012

11

"Есен - ата" ШҚ

10-149-040-1014

12

"Бейбіт" ШҚ

10-149-040-687


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады