"Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 618 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 618 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық ұйымдары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 56.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау үшін Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қарым-қатынас жасауға рұқсат етілмейді.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;

      2) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      атқарушы биліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың басқа органдарымен өзара әрекет жасай отырып, өз қызметін жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және басқа да ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіпте қажетті ақпараттық материалдар алу;

      қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды алу, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен және шет ел ұйымдарымен ынтымақтастық жасау;

      қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

      қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15) Функциялары:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      4) агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      5) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      6) агроөнеркәсіптік кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      7) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүзеге асыру;

      8) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      9) агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;

      10) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтайтын орындарды (көмінділерді) салуға, күтіп-ұстауға және реконструкциялауға жәрдемдесу;

      11) жоғары класты асыл тұқымды малды сатып алуға, күтіп-бағуға және кеңінен көбейту үшін мал басын толықтыратын төлді өсіруге жәрдемдесу;

      12) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінен сатып алынған тұқымдарды субсидиялауды жүзеге асыру;

      13) зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;

      14) пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану үшін қызметті жүзеге асыруға лицензиялауды жүргізу.

      15) комиссияның агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру кезінде бір бөлігін өтеуге жәрдемдесу;

      16) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын көму жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      17) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;

      18) өз құзыреті шегінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын іске асыру;

      19) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауды жүзеге асыру;

      20) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекітуді қамтамасыз ету;

      21) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп, өнім шығаруы үшін оны сатып алуға шығындарды субсидиялауды жүзеге асыру;

      22) агроөнеркәсіптік кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тартуға жәрдемдесу;

      23) бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасауға жәрдемдесу;

      24) мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасауға жәрдемдесу;

      25) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін қалыптастыруды жүзеге асыру;

      26) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтерді сатып алуға жәрдемдесу;

      27) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері бойынша комиссия құру жөнінде шаралар қабылдау;

      28) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      29) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      30) тұқым шаруашылығы субъектілеріне тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізу;

      31) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асыру;

      32) облыс бойынша тұқымдар балансын жасау;

      33) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау, зертханалық сұрыптық сынақтар, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      34) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      35) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;

      36) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;

      37) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауды жүзеге асыру;

      38) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      39) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      40) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыруға, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіруге және енгізуге жәрдемдесу;

      41) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;

      42) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдау;

      43) астық қабылдау кәсіпорындарын бақылауды жүзеге асыру;

      44) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

      45) астық сапасын және қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      46) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеру) жүзеге асыру;

      47) астық нарығына қатысушылар астығының нақты болуы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

      48) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

      49) өсімдік шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      50) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      51) биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асыру;

      52) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау) үшiн, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес iске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшiн, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      53) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      54) облыстың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      55) облыстың жергiлiктi атқарушы органының аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерiн жасанды ғимараттар салу үшiн беру жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      56) жердi резервте қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

      57) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      58) өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

      59) жерге орналастыруды ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

      60) облыстың жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

      61) өз құзыретi шегiнде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

      62) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;

      63) өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      64) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;

      65) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      66) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      67) жер-кадастрлық жоспарды бекiту;

      68) облыстық жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады;

      69) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;

      70) мемлекеттік қызмет көрсету;

      71) кредиттер және технологиялық жабдық лизингі, ауыл шаруашылығы жануарын сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;

      72) басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау;

      73) дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың мұнай өнімдеріне қажеттілігін анықтау бойынша жұмысты жүзеге асыру;

      74) мемлекеттік нөмірлік белгілерді, тракторист машинист куәлігін, техникалық паспорттарды және машиналардың кепіл куәлігін сатып алуды жүзеге асыру;

      75) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай облысының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімшелері туралы ережені және қызметкерлердің қызметтік нұсқамаларын бекітеді;

      3) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының қабылданбауына дербес жауапты;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқама береді;

      8) Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы жоқ кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Заңнамада көзделген жағдайларда, Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады