Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына сәйкес, Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі бекітілсін.

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Т. Карбозов

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 20 желтоқсандағы
  № 258 қаулысына
  қосымша

Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және Амангелді ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

2-тарау. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      2. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

3-тарау. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемін айқындау

      3. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);

      материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.

4-тарау. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      5. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;

      2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      6. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және ауылы, ауылдық округтері бюджеттерінің бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.

      7. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      8. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Қағиданың қосымшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффициенттердің тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауыл, ауылдық округтері ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұнда:

      АШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і - ауылдың, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық ауылдың, ауылдық округтердің жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;

      Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і - ауылдың, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;

      К1іj, ..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-ауылдағы, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орта деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіқала – і-ауылдағы, ауылдық округтердегі халқы санының болжамы;

      Халі – і-ауылдағы, ауылдық округтердегі халық санының болжамы.

      Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша аудандық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;

      2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і-ауылдың, ауылдық округтердің халық санының болжамы;

      Халі – і-ауыл, ауылдық округтер халқының жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      3) ауқым коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – ауыл, ауылдық округтер халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;

     


      – бір ауылдық округтің халқының орташа санының болжамы;

      Халi – і-ауылдың, ауылдық округтердің халық санының болжамы;

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      4) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіауыл – і-ауылдың, ауылдық округтердің ауыл халқы санының болжамы;

     


      – функционалдық кіші топ бойынша (барлық ауыл, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттігін ескереді;

      5) тығыздық коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;

     


      – і-ауылдағы, ауылдық округтердегі халықтың тығыздығы;

     


      – ауыл, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      6) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:

     


      мұнда:

      Ni – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-ауылдың, ауылдық округтердің аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

     


      – аудан бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      7) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      мұнда:

      bі – і-ауылдағы, ауылдық округтердегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті ауылдың, төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      8) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – і-ауылдағы, ауылдық округтердегі жылыту маусымының кезеңі;

     


      – аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

     


      – ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      11. Келесі екі жылдардағы ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

5-тарау. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдың, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.

      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір ауыл, ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k*ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і-ауылдың, ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і-ауылдың, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

      Аудандық бюджет пен ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

6-тарау. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу

      13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдың, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауыл, ауылдық округтер бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),

      мұндағы:

      БДБШі – і-ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – і-ауылдың, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – і-ауылдың, ауылдық округтердің кірістерінің болжамды көлемдері;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

  Амангелді ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібіне
  қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
кедейлікті есепке алу (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде);
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр)

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Коммуналдық шаруашылық

Тұрақты халық саны

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Елді мекендерді көркейту

тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Спорт

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (шақырым)

урбандалу;
жолдарды күтіп-ұстау;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

13. Басқалар

Басқалар

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады