Карантинді тоқтату және Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 6 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Денисов ауданы мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 01-27/805 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі Жалтыркөл ауылының "Баталинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында мүйізді ірі қара малдың сібір жарасы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 6 "Карантин белгілеу туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізіліміне № 160038 болып енгізілген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Архангельск ауылдық округінің әкімі Ж. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады