"Rio Tinto Exploration Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 86 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабына, 71-1-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 831-EL қатты пайдалы қазбаларды барлау лицензиясының негізінде Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Арқа ауылында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 6926,8816 гектар жер учаскелеріне 2026 жылдың 23 қыркүйекке дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін және шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады