"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 485 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 238 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.05.2023 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ғылым және адами ресурстар департаменті Медициналық білім беру басқармасының біліктілік талаптарында "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, педиатрия, мейіргер ісі) немесе бизнес және басқару (экономика, қаржы, менеджмент) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау (биология, химия) немесе биологиялық және сабақтас ғылымдар (биотехнология) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

                                                                              ";

      Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының біліктілік талаптарында "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе бизнес және басқару (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша мүмкіндігінше жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтауы және мүмкіндігінше шет тілдерін меңгеруі.

      ";

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Тарифтерді белгілеу және ақы төлеу әдісін жетілдіру басқармасының басшысы мен бас сарапшысының біліктілік талаптарында "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе бизнес және басқару (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Тарифтерді белгілеу және ақы төлеу әдісін жетілдіру басқармасы басшысының "Функционалдық міндеттері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Функционалдық міндеттері

Жалпы басшылықты жүзеге асыру және басқарма қызметін ұйымдастыру. Құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарларын, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Медициналық қызметтерді қаржыландыру, тариф белгілеу әдістерін дамыту және жетілдіру бағыттары мен міндеттерін айқындауға қатысу. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін, әдістемесін әзірлеу және бекіту жөніндегі іс-шараларды іске асыру. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және жетілдіру. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерін әзірлеу және жетілдіру. Қаржыландыру әдістері мен медициналық қызметтер тарифтерінің тиімділігіне, олардың денсаулық сақтау көрсеткіштеріне әсеріне мониторинг және талдау жүргізуді ұйымдастыру. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тарифтерді белгілеудің халықаралық тәжірибесін зерделеу және қорыту, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру. Медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістеріне салыстырмалы талдауды жүргізуді ұйымдастыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен, өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларымен медициналық қызметтерді қаржыландыру әдістерін жетілдіру, тариф белгілеу, қаржыландыру әдістері мен медициналық қызметтер тарифтерінің тиімділігін мониторингілеу және талдау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістері мен тарифтерінің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, клиникалық хаттамаларға және денсаулық сақтау саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау. Тариф белгілеу және медициналық қызметтерге ақы төлеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қызметтік құжаттарды, хаттарды қарау, олардың орындалуын бақылау.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Тарифтерді белгілеу және ақы төлеу әдісін жетілдіру басқармасы бас сарапшысының "Функционалдық міндеттері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Функционалдық міндеттері

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін, әдістемесін әзірлеу және бекіту жөніндегі іс-шараларды іске асыру. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және жетілдіру. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерін әзірлеу және жетілдіру, есептеулер жүргізу, материалдар жинау, талдамалық жазбалар, хаттар, таныстырылым және тарифтік саясат мәселелері бойынша өзге де материалдар әзірлеу. Тарифтерді құрудың халықаралық тәжірибесін зерделеу және қорыту, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру. Медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу. Денсаулық сақтау саласын реформалауға, МӘМС жүйесін енгізуге және жетілдіруге, тариф белгілеу әдістерін жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен, өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларымен медициналық қызметтерді қаржыландыру әдістерін жетілдіру, тариф белгілеу, қаржыландыру әдістері мен медициналық қызметтер тарифтерінің тиімділігін мониторингілеу және талдау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістері мен тарифтерінің медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, клиникалық хаттамаларға және денсаулық сақтау саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау. Тариф белгілеу және медициналық қызметтерге ақы төлеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қызметтік құжаттарды, хаттарды қарау, олардың орындалуын бақылау.

      ";

      Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының біліктілік талаптарында "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Инженерия және инженерлік іс (автоматтандыру және басқару) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе телекоммуникациялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немес бизнес жане басқару (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

      ";

      Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Ақпараттандыру саясаты басқармасының біліктілік талаптарында "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Инженерия және инженерлік іс (автоматтандыру және басқару) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе телекоммуникациялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немес бизнес және басқару (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (информатика, математика) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде:

      1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі А. Цой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады