"Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 427 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағы мен 39-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің орынбасары Е. Билисбековке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "__"_______
№ ____ қаулысына қосымша

"Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Түркістан көшесі 11А, индексі 160023.

      10. Осы Ереже Басқарма құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-Тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары: қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын, орман, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және теңгерімді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Басқарманың құзыретiне кiретiн қала әкiмдiгiнiң және (немесе) әкiмiнiң шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң, қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан және басқа да ұйымдардан өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер сұратуға, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдарға мәлiметтер ұсынуға;

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру және ревизия жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша қала әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзедi, жиналыстарды өткiзу тәртiбiн ұйымдастырады, қала әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысады;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 202, 204-4 баптарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды.

      "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының және уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      ведомстволық бағыныстағы мекемелерге ішкі бақылау жасау

      жеке және заңды тұлғалардан табиғи ресурстарды пайдаланудың белгіленген ережелерін, нормалары мен шектеулерін сақтауды өз өкілеттігі шегінде талап ету.

      2) Міндеттері:

      қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және оларға әкімшілік ету;

      жергілікті бюджеттік бағдарламалар аясында қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;

      мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу;

      ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарауындағы мемлекеттiк орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында орман пайдалануды реттеу;

      су ресурстарын тиімді пайдалану, жасыл қорды сақтау және ұлғайту;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк іс-шараларды әзiрлеу және олардың iске асырылуын қамтамасыз ету.

      "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарауындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың жарғысын әзірлеу;

      бағдарламалардың әкімшісі, қалалық бюджет қаражаты есебінен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөнінен ұйымдастырушы және тапсырыс беруші болуға, шарттар жасасуға және олардың орындалуына бақылау жасау;

      өз өкілеттіктері шегінде қоршаған ортаны, су қорын қорғау, ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, ормандар мен жануарлар әлемін пайдалану саласындағы қалалық бюджеттік бағдарламалар бойынша түзілген келісім шарттар аясында атқарылып жатқан барлық жұмыс түрлері мен іс-шараларға тексеру жүргізу;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан басқарма қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратып алу;

      Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылуы үшін жауапты болады;

      2) жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын үш жылдық перспективаға әзірлейді;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптамасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне қатысты ұйымдастырады және жүргізеді;

      5) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар беру және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияларды қабылдайды;

      6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;

      7) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейді;

      8) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізеді;

      9) экологиялық залалды келтірген үшін жауапты тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған немесе олар болмаған кезде, экологиялық залалды жою бойынша қажетті іс-шаралар жүргізеді;

      10) халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарындыларының стационарлық көздерін түгендеуді қамтамасыз етеді;

      11) халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізу және олардың негізінде елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасауды қамтамасыз етеді;

      12) өз құзыреті шегінде атмосфералық ауаға көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардан ластағыш заттардың шығарылуын қысқартуды ынталандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырады;

      13) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру үшін климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды ұйымдастырады;

      14) қалдықтардың түзілу көлемін азайтуды, түзілетін қалдықтарды қалпына келтіру үлесін ұлғайтуды, олардың қауіптілік деңгейін төмендетуді, қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға бағытталған технологияларды енгізетін, өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) процесінде түзілетін қалдықтарды қалпына келтіруді жоспарлайтын, осындай қалдықтарды жинау мен дайындауды, тиісті кәсіпорындар мен цехтар салуды жүзеге асыратын, сондай-ақ қалдықтарды қалпына келтіруге арналған жабдықтар өндіруді ұйымдастыратын, қалдықтардың түзілу көлемін азайту және түзілетін қалдықтарды қалпына келтіру үлесін ұлғайту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға пайлық үлеспен қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметін ынталандыру жөніндегі іс-шараларды айқындайды және жүзеге асырады;

      15) биологиялық ыдырайтын қалдықтардың көмілуін қысқартуға ынталандыру жөніндегі іс-шараларды, оған қоса оларды қайта өңдейді, ұйымдастырады;

      16) өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты:

      - коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      - коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлеу және қалалық маслихатқа бекітуге ұсынады;

      - коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітеді;

      - халық үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады;

      - коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, оның ішінде қалпына келтірілгенге немесе жойылғанға дейін тасымалдау мен жинақтауды көздейтін, оларды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастырады;

      - коммуналдық органикалық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компостерлеу арқылы ынталандыру арқылы іске асырады;

      17) қала аумағындағы Саябақтар мен скверлерді абаттандырады;

      18) коммуналдық меншіктегі су құбырларын, тазарту құрылыстарын және пайдалануды ұйымдастырады;

      19) су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін, суару жүйелерін тиімді пайдалану, ұстау және қорғау, жерүсті суларын ағызу бойынша, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту бойынша жобаларды әзірлеу, келісу және сүйемелдейді;

      20) абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салады;

      21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, Үлгілік қағидалар негізінде әзірленген жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын және қала аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсынады;

      22) ағаштарды кесуге рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;

      23) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;

      24) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

      25) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу және iске асырады;

      26) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындау, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге қала әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

      27) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;

      28) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы жайылымдық және шабындық жерлерде сабан түбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне, қау шөбiн өртеуi бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

      29) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;

      30) қала аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;

      31) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

      32) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға қала әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

      33) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейді;

      34) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;

      35) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшелемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлейді;

      36) уәкілетті органның және жергілікті өкілді органның қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастыру және өткізеді;

      37) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін ұйымдастырады;

      38) субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      39) табиғатты қорғау объектілері, саябақтар, скверлер, бульварлар және жалпы пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтың құрылысын және қайта жаңғыртылуын үйлестіруді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;

      40) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтудi жүзеге асыруға қала әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

      41) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер жобасын әзірлейді;

      42) қаланың аумағында орналасқан, жергілікті, маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;

      43) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы қалалық жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасайды;

      44) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;

      45) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастыру және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етеді;

      46) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтуге қала әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

      47) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешiмдер жобасын әзірлейді;

      48) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекітуге қала әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

      49) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеу және бекiту, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етеді;

      50) заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтуге қала әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

      51) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;

      52) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және бекіту, паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тіркеуге) береді;

      53) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жердi резервте қалдыру жөнiнде шешiмдер жобасын әзірлейді;

      54) қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      55) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын қала маслихатының бекітуіне ұсынады;

      56) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде келіседі;

      57) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      58) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;

      59) гидротехникалы құрылыстарда су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      60) бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілейді;

      61) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен келісу бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;

      62) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;

      63) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөніндегі шаралар қолданады;

      64) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      65) Шымкент қаласында су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

      66) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      67) Шымкент қаласында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;

      68) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;

      69) қаланың гидрологиялық жүйесіне түгендеме жүргізеді;

      70) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;

      71) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;

      72) болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбаларды жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды береді;

      73) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық жағынан орындылығы дәлелденген жағдайда рұқсат береді;

      74) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды (қосымша келісімдерді) тіркейді және сақтайды;

      75) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.

3-Тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктер:

      1) Басқарма қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген Басқарма қызметкерлерінің, Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылған қызметтерідің қабылдау актілері үшін комиссия құрамын бекітеді;

      5) Басқарма жұмыс жоспарларын бекітеді;

      6) Басқарма атынан әрекет етеді;

      7) сенімхаттар береді;

      8) өз құзыреті шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды және нұсқаулар береді;

      9) Басқарма қызметкерлеріне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;

      10) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      11) Басқармада "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      12) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Басқармада аппарат құрылмаған (басқарма қызметін қамтамасыз етеді).

      22. Басқармада алқалы органдар жоқ.

4-Тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-Тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарма қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      - Асанбай Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      - "Жасыл белдеу" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      - "Шымкент сушар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады