"Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің "Райбай" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын туралы

Күшін жойған

Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 05 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 06 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 04.11.2022 № 06 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2022 жылғы 06 қазандағы № 255 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылдық округі, "Райбай" шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылық жануарларына 1315 (пастереллез) ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Тарбағатай ауылдық округінің әкімі Е. Ережепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады