"Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Әділет органдарында тіркеуден өткізсін және нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е.Рысбаевқа жүктелсін.

      Әкім Қ. Беков

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "___"_________
  №____ қаулысымен бекітілген

"Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат, тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекеменің мынадай ведомствосы бар:

      1) Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасынаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, 1 шағын аудан, 52 "А" ғимарат.

      10. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы ереже "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) ауданда жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мемлекеттің ішкі саясатын орындау, іске асыру, қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси және ішкі саясат мәселелері жөніндегі заңнамаларын түсіндіру және насихаттау;

      3) аудан деңгейінде үкіметтік емес ұйымдармен саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, қоғамдық–саяси және діни ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, көпшілік өкілдерімен қарым–қатынаста болу;

      4) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыру,

      5) аудан аумағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;

      2) аймақта болып жатқан қоғамдық – саяси процестерді және олардың даму тенденциясын жан – жақты және нақты зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;

      3) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша, оны өткізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;

      4) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді реттеу және талдау, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыру;

      5) ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

      6) Қарақия ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      7) саяси партиялармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

      8) тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;

      9) аудандағы отбасы – демографиялық жағдай мәселелері бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;

      10) ауданның аумағында тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарын әзірлеу және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

      11) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс–шараларды жүргізу;

      12) мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылуын қамтамасыз ету және ауданда тіл саясатын жүргізу;

      13) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      14) Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 489-1 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырады және оны уәкілетті органға жолдайды;

      15) мәдениет саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру;

      16) "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау;

      17) бөлімнің даму жоспарын жүзеге асыруын бақылау және талдау;

      18) бюджет қаржысының өз мақсатына жұмсалуын және бюджеттік ерекшеліктер бойынша толық игерілуін қамтамасыз ету, бағдарламалар бойынша қаралған бюджет қаражаттарының игерілуіне байланысты тиісті құжаттарды жинақтау, конкурс немесе тендерді мерзімінде өткізуді ұйымдастыру;

      19) мемлекеттік органның кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "Е-қызмет" дербес басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;

      20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу;

      21) Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында аудан тұрғындары және жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      22) Қарақия ауданы аумағында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын радикалды идеологияның таралуының алдын алу бойынша интернет кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында қарсы насихат жұмысын және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      23) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңмен қойылған ретте өз қызметін орындау үшін мемлекеттік органдардан, қызметтегі тұлғалардан, өзге де кәсіпорындар мен азаматтардан сұратады;

      2) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасайды;

      3) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      4) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      5) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдайды;

      6) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

3. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарақия ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      19. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      3) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      5) сенімхаттар береді;

      6) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      7) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      8) "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;

      9) ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      10) ведомствалық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүліктерін бекітеді, құрылымын анықтайды;

      11) ведомствалық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық жоспары мен штаттық кестесін бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13) Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      14) "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      21. Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты

      24. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.

6. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      25. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

      26. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

7. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады