Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 750 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 817 қорытындысы, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 282, 283 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "VEKГРУПП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 18 сәуірдегі
  № 750 қаулысына
  қосымша

"VEKГРУПП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қ, 8 шағын ауданы, В. Интернационалистов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0065 гектар, су құбырының сыртқы желілері "Қостанай қаласы, В. Интернационалистов көшесі, 8 шағын ауданы мекенжайы бойынша тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялардың құрылысы" объектісі үшін;

      2) Қостанай қ, 8 шағын ауданы, В. Интернационалистов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0015 гектар, жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері "Қостанай қаласы, В. Интернационалистов көшесі, 8 шағын ауданы мекенжайы бойынша тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялардың құрылысы" объектісі үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады