"Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 893 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабының 2 – тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 124 – бабының, 18 – бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 07 қыркүйектегі № 1857 "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін және "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 03 шілдедегі № 1356 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысының күштері жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қостанай қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы "5" мамыр
  № 893 қаулысымен
  бекітілді

"Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ) индустриялық-инновациялық даму, туризмді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы, тұтыну нарығы және механикаландыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.

      10. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруда қатысу;

      2) өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыстарын талдау және болжау;

      3) ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге мақсаттар.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіппен ақпаратты сұрату және алу;

      басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің мемлекеттік органдарда, сотта атынан өкілдік ету.

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген міндеттерді жүзеге асыру, актілер мен тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;

      2) аймақта шағын және орта бизнесті және инновациялық қызметті қолдау үшін инфрақұрылым объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

      3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

      4) сараптамалық кеңестерді қызметін ұйымдастыру;

      5) Қостанай қаласында туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және үйлестіруді жүргізу;

      6) Қостанай қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындау;

      7) сауда саласындағы заңнаманың сақталуын, оның ішінде сауда қызметі субъектілерінің өз құзыреті шегінде азық-түлік және басқа тауарларға шекті бағалардың мөлшерінен асып кетуін мониторинг және бақылау жүргізу;

      8) Қостанай қаласының аумағын даму бағдарламасын талдау және мониторинг жүргізу;

      9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы саладағы ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

      10) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      11) агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдікке) беру;

      12) Қостанай қаласында азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;

      13) көрме-жәрмеңкелік қызметті жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерін көтермелеуді (материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды) жүзеге асырады;

      4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ перспективалық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асырады.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады