Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 587 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы әкімі Қ. Испергенов

  Рудный
  қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы "5" мамырдағы
  № 587 қаулысымен
  бекітілген

Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомствосы бар:

      1) Рудный қаласы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мекемеге азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.

      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысына шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда аталған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін үйлестіру;

      3) Мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      4) өңірде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

      5) діни және басқа да коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктермен байланысты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      6) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелері бойынша Рудный қаласының әкімшілік аумағындағы бөлімдермен өзара іс-қимыл;

      7) Рудный қаласының әкімшілік аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру, заңнаманың сақтауына мәніне бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг жасау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      ішкі саясат бағдарламалары бойынша жұмыстарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді;

      Рудный қаласының әкімшілік аумағында тұратын барлық этностардың діни сенім бостандығы құқығын одан әрі іске асыру, сондай-ақ мәдениеті мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен оппозицияның сындарлы диалог тетіктерін қалыптастыру;

      патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстанымды қалыптастыруға, жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған жас ұрпақпен өзара іс-қимылдың тиімді моделін әзірлеу;

      қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;

      Мекеме қызметінің саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар шығарады, олардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өткізетін іс-шараларға қатысады;

      қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан Мекеменің функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді сұратады және алады.

      2) міндеттері:

      ішкі саясат саласындағы жұмыстар мен іс-шараларды жүргізуге шарттар жасасады;

      өз қызметі туралы ақпаратты таратады;

      мемлекеттік басқару органдарының қарауына өз құзыреті шегінде мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      қолданыстағы заңнамамен берілген басқа да құқықтарды қолданады;

      ұлттық, мемлекеттік және өзге де мерекелерді, қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу.

      15. Функциялар:

      1) мекеме жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      2) саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) Рудный қаласының әкімшілік аумағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (орнатылуын, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

      4) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

      5) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;

      6) Рудный қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындайды;

      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      8) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабының 1-1-тармағымен, 489-1-бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы.

3. Мемлекеттік орган бірінші басшы жүзеге асырады, ол басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекемені басқаруды Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) өз өкілеттіктерін іске асыру процесінде қала әкіміне және жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына есеп береді;

      3) Мекеме басшысы жеке-дара әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

      4) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      5) барлық ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;

      6) заңнамада белгіленген жағдайда және шектерде мүлікке билік етеді;

      7) шарттар жасасады;

      8) сенімхаттар береді;

      9) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие болады;

      10) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

      11) Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      12) заңнамаға сәйкес Мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      13) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Мекеме қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жазаға тартады және оларға көтермелеу шараларын қолданады;

      14) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      15) әкімдік актілерінің жобаларын дайындау кезінде "Құқықтық актілер тралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның нормативтік емес құқықтық акт немесе нормативтік құқықтық акт болып табылатынын ие табылмайтынын айқындайды;

      16) Мекеме әзірлеуші орган болып табылатын әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және кейіннен мемлекеттік тіркеу барысына тікелей бақылауды жүзеге асырады;

      17) нормативтік құқықтық актілер жобаларының уақтылы, сапалы әзірленуіне, ресімделуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобалар мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқалылығына дербес жауапты болады;

      18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысқа дербес жауапты болады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, қала әкімдігімен, әкім мен, оның орынбасарларымен және қала әкімінің аппаратымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      19. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады