"Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 217 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3. Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" және 2019 жылғы 12 ақпандағы № 63 "Қала әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі Ә. Асанов

  Арқалық қаласы
  Әкімдігінің
  2022 жылғы 13 мамырдағы
  № 217 қаулысымен
  бекітілген

"Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті атқару, қаржы және коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде уәкілетті орган айқындайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме, қала әкімдігінің атқарушы органы болып табылады.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Казахстан Республикасы, Костанай облысы, Аркалык қаласы, Абай даңғылы, 29.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) жергілікті бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) түсімдер мен шығыстар бойынша бюджетті толық және уақытылы атқару;

      3) жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есепті жүргізу, бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау;

      4) коммуналдық меншікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер;

      6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың ұйымдастыруы мен өткізуін қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - әкімдікке мемлекеттің қатысуымен коммуналдық кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      - жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша секвестр белгілейтін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;

      - мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды және құжаттарды сұрату және алу;

      - қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінен тоқсан сайын бюджеттік есептер қабылдау;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      - жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджетін атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің талаптарын сақталуына, жергілікті бюджетке мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірістерінің үлестерін, сондай-ақ коммуналдық меншікте тұрған акциялардың мемлекеттік пакетіне шаруашылық серіктестіктерінің мемлекеттік үлесіне және дивиденттеріне кірістерді есептеудің толықтығына және уақытында аударылуына бақылауды жүзеге асыру;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) жергілікті бюджеттің атқарылуына мониторингін жасау;

      3) қала бюджетінің атқарылуы туралы есебін жасау;

      4) жергілікті бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есебін жасау;

      5) жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілікті жасау;

      6) бюджеттік есепті жүргізу;

      7) жартыжылдық және қаржылық жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту;

      9) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жылдық сомаларды қоса алғандағы түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарының құрылуы мен бекітілудің дұрыстығына бақылауды қамтамасыз ету;

      11) қала бюджетіне түсетін түсімдердің болжамына қатысу;

      12) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, қадағалау және талдау жолымен бюджеттік мониторинг жүргізу;

      13) өз құзыреті шегінде бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджетіне түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтару және (немесе) есептеу үшін қорытындыны дайындау;

      14) Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау;

      15) коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасу мен сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      16) коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне сенімгерлікпен басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

      17) мемлекеттік заңды тұлғаларға қаланың коммуналдық мүлкін уақытша өтеусіз пайдалануға беру жөніндегі шарттарды жасау;

      18) сенімгерлікпен басқарушының коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      19) ауыл, ауылдық округінің әкіміне басқаруға берілетін коммуналдық меншік тізбесін анықтау;

      20) коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      21) ай сайын, есепті берілетін кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша қала әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, бюджетті орындау жөніндегі облыстың жергілікті уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органына қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті беру;

      22) Арқалық қалалық мәслихатына, қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне және облыстың тексеру комиссиясына қаланың бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті беру;

      23) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, Арқалық қаласы әкімдігімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуына талдау жүргізу;

      24) мемлеткеттік коммуналдық меншік және оның мүліктік құқығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіру, сондай - ақ иесіз тұрғын емес объектілерді коммуналдық меншік деп тану туралы талап ету арыздарын сот органдарына жіберу;

      25) коммуналдық меншікке түскен мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу бойынша жұмысты жүзеге асыру;

      26) коммуналдық мүлікті қаланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;

      27) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік коммуналдық мүлікті беру актісін (қабылдау-тапсыру актісін) бекіту немесе келісу;

      28) қаланың коммуналдық мүлкін есептен шығаруды келісу;

      29) ауылдар мен ауылдық округтердің әкімі аппаратының жергілікті өзін-өзі басқару ақшалай қаражаттың қолма-қол Бақылау шоттарында түсімдері мен қалдығы туралы ай сайын есеп беру;

      30) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуына талдау;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыру;

      32) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      33) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;

      34) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлеу және бекітуі;

      35) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын анықтау және бекіту;

      36) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      37) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастыру;

      38) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігіне конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;

      39) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;

      40) әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құру не сарапшыны айқындау.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) орынбасарының, сектор меңгерушілерінің және бөлімнің басқа да жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      5) бұйрықтарға қол қояды және бөлім қызметкерлеріне міндетті түрде орындауға нұсқаулар береді;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

      7) заңнамада белгілеген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      8) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

      "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болмаған уақытта, оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзі орынбасарының өкілеттіктерін айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады