"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 1 сәуірдегі
  № 120 қаулысымен
  бекітілді

"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Лисаков қаласының әкімшілік аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 13.02.2024 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31.

      10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 12.09.2023 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;

      жеке және заңды тұлғаларға Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру.

      15. Функциялар:

      1) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      4) ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

      5) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

      6) мүгедектігі бар адамдар; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар; білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасының қамқорлығынсыз он сегіз жасқа толғанға дейін айырылған немесе қалған жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      7) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуде үйлестіру;

      8) ардагерлерге және басқа да тұлғаларға санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттарды ресімдеу;

      9) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін жұмыс фактісін растау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыру;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау;

      12) күндізгі болу бөлімшесінде жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

      13) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

      14) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      15) Бөлімнің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      16) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      17) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға есептілік және ақпараттық құжаттарды ұсыну;

      18) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-презентациялық іс-шараларды, сондай-ақ кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру;

      19) ұжымдық еңбек қатынастарын және әлеуметтік әріптестікті реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      20) Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      21) бөлімнің қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың құрылуы мен қызметін үйлестіреді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 12.09.2023 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 13.02.2024 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалаты және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      Бөлімнің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау, қабылданған шешімдердің салдарына, Бөлім мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелеріне жауапты болады;

      өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, Бөлімнің қызметтік құжаттамаларына қол қояды;

      Бөлім қызметкерлерін мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен және еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы шешім қабылдайды;

      Бөлімнің ережесін, құрылымын және штаттық кестесін, нұсқаулықтарын және басқа да құжаттарын, Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін әзірлейді;

      төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      біліктілік талаптарының негізінде атқаратын лауазымдарына сәйкес қызметкерлердің міндеттері мен функционалдық міндеттерінің шеңберін айқындайды;

      барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек және мемлекеттік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

      Бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

      Бөлімнің қаржылық, материалдық, техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;

      Бөлімнің ақшалай қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, ақшалай қаражаттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;

      Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлейді;

      Қазақстан Республикасы заңдарының және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;

      халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қалалық консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда ұсынады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады;

      Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 12.09.2023 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.02.2024 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамасы туралы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 13.02.2024 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады