"Qazaqstan Mining Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69, 71-1-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Арқа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Qazaqstan Mining Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін, 15.08.2026 жылға дейінгі мерзімге, 15.09.2020 ж № 815 - EL лицензия негізінде сұралып отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы, Арқа ауылдық аумағында (елді мекен шегінде) орналасқан, жалпы алаңы 275,52 га (қауымдық сервитут) жер учаскесін пайдалануға рұқсат берілсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;

      2) осы шешімді Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арқа ауылдық округінің уақ.м.а У. Алдабергенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады