"Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 75 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Радченко

  Қарасу ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 28 сәуірдегі
  № 75 қаулысымен
  бекітілген

"Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) тұрғын үй қатынастары, коммуналдық меншік объектілерін қайта жаңарту, күрделі жөндеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автожолдың дамыту саласында іс-шараларды өткізу саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өзінің қарауындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.

      Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Қарасу ауданы әкімдігінің аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шығыс" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) Қарасу ауданы әкімдігінің аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "суық Су" Октябрь мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқьқтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында есепшоты болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

      6. Бөлім мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарап ретінде кіруге құқығы бар, егер ол заңнамаға сәйкес қарастырылса.

      7. Бөлім өзінің құзыреті мәселесі бойынша заңнамада көрсетілген тәртіпте Бөлім басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлім құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исақов атындағы көшeci, 66.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы:

      Мемлекеттік тілде - "Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      Орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции акимата Карасуского района".

      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      12. Бөлім қызметін қаржыландыруы жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқығы мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы елді мекендер мен аумақтарының инфрақұрылымын әлеуметтік, инженерлік қалыптастыруды қамтамасыз ету, тұргын-үй қорын және меншіктің әр түрлі нысандар инфрақұрылымныц басқа объектілерін пайдалануын және күйінің мониторингін ұйымдастыруда жәрдемдесу мен қатысу.

      15. Міндеті:

      1) ауданның аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу және стратегиялық дамудың ағымдағы мен келешектік міндеттерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау, төтенше жағдайларды жою мен алдын алу женінде ic-шараларды ұйымдастыру;

      2) мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық саясатын, аудан инфрақұрылым даму бағдарламасын icкe асыруына және әзірлеуіне қатысу;

      3) ұйымдарға әлеуетті қаржы салушыларды іздестіру мен тартуды жүзеге асыруда көмектесу және инвестициялық жобаларды icкe асыруын қамтамасыз ету;

      4) меншік нысанына қарамастан ауданды жылыту электрэнергиясымен, сумен, отынмен тұрақты қамтамасыз етуде, тұрақты байланысты барлық қатысушылардың (жеткізушілер және тұтынушылар) әрекеттестігін үйлестіру;

      5) аудан әкімінің тапсырысы бойынша бағдарламаларды әзірлеуде және icкe асыруда қатысу;

      6) өз құзыреті шеңберінде кәсіпорындар мен басқа шаруашылықтық субъектілері қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;

      7) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      8) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.

      16. Функциясы:

      1) ауданның бағыттайтын кәсіпорындарының қызметін талдау;

      2) өз құзыреті мәселелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мәселелерін орындау аймақтық бағдарламаларын, облыс пен аудан әкімдіктер қаулыларыньң, облыс пен аудан әкімдері шешімдері мен өкімдерінің орындау бойынша есептердің мониторингін және даярлауын жузеге асыру;

      3) ауданның инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, көлігін және жолдарын дамуының келешектік бағдарламаларды іске асыруын талдау жүргізу, түзету және жәрдемдесу;

      4) күзгі-қысқы және су тасқыны кезеңіндегі жұмысына ауданның кәсіпорындарын даярлау жөніндегі жұмыстарына бақылау мен үйлестіруді жүзеге асыру;

      5) ауданның тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, көлік, жолдар және оларды жобалау саласындағы бәсекелестік нарықты дамуын көмектесу;

      6) коммуналдық меншікте болып тұрған мемлекеттік тұрғын-үй қорын, коммуналдық шаруашылықтың кәсіпорындары мен құрылыстарын пайдалануын бақылау;

      7) тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады;

      8) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін бөлуді ұйымдастырады;

      9) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

      10) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      11) авариялық тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      14) кондоминиум субъектілерінің қызметіне лауазымды тұлғалармен тексеру жүргізеді, іс-шараларды ұйымдастыруды және кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану жөніндегі қызметіне бақылауды қамтамасыз етеді;

      15) тұрғын үй иелері тастап кеткен үйлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізу, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығы бойынша сотта өкілдікті жүзеге асырады;

      16) тұрғын үй-жайлар түріндегі мұраны иесіз қалған мүлік ретінде сот тәртібімен тану бойынша жұмыс жүргізеді;

      17) коммуналдық тұрғын үйде заңсыз тұратын адамдарды сот тәртібімен шығару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      18) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, жолаушылар көлігін, автожолдар мен тұрғын үй инспекциясын даму ic-шараларының орындалуын бақылау және басшылық етуді жүзеге асыру;

      19) инфрақұрылымныц дамуын icкe асыруға жәрдемдесу, тузету және талдау өткізу;

      20) тендерлерді өткізуде қатысу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жоспарлауға, құрылыс-монтаждьқ жұмыстарға конкурстарды дербес өткізу;

      21) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі бағдарламаларды icкe асыру мен өзірлеуді ұйымдастыру, жолаушылар тасымалдауды даму және аудандың маңызы бар автомобиль жолдарының қызмет ету;

      22) бөлім мемлекеттік басқару органы болып табылатын кәсіпорындардың қатынасына оларға жататын мүлікті мақсатты пайдалану және сақтау жөніндегі пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;

      23) бөлім әкімші болып табылатындарға бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражаттардың пайдалануына бақылау;

      24) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою үшін меншіктің барлық нысандарына қарамастан материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыру, төтенше жағдайларды жою жөнінде жергілікті бюджетті қамтамасыз ету және орындау;

      25) құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы, автожолдар және тұрғын үй инспекциясы саласындағы халықаралық стандарттардың сапасын енгізу жөнінде жәрдем көрсету;

      26) бағытталатын салаларда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа жүйелерінің енгізуіне мониторингті жүзеге асыру;

      27) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруді іске асыру;

      28) бекітілген стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметті ұсыну;

      29) жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау кезінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      30) қолданыстағы заңнамаға қайшылылық етпейтін Бөлімнің мақсаттар мен міндеттеріне жауап беретін басқа функцияларды орындау.

      17. Міндеттері мен құқықтары:

      1) аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, басымдықтары және даму стратегиясы бойынша аудан әкіміне ұсыныстарды енгізуге;

      2) өз құзыреті шегінде орындау ушін міндетті нұскауларды беруге;

      3) Бөлім құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөніндегі аудан әкімінің және аудандьқ мәслихаты сессиясының қарауына ұсыныстарды енгізуге;

      4) өз құзыреті мәселелері бойынша келіссөздер өткізу, келісімдерге және басқа заңды актілерге қол қоюға;

      5) өз құзыреті шегінде аудан аумағындағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің барлық субъектілерімен міндетті орындау ушін болып табылатын тұрғын үй саясатын icкe асыру мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға;

      6) өз екілеттігін жүзеге асырған кезде көлік, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының объектілеріне кipiп шығу;

      7) кәсіпорындарды экономикалық сауықтыру жөніндегі шараларды әзірлеуде және іске асыруда басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қатысуға;

      8) Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау ушін өз құзыреті шегінде жергілікті атқару органдардан, меншік нысанының барлық мекемелерден және ұйымдардан ақпараттарды сұрау мен алу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар автокөлігі және автомобиль жолдары сауалдары бойынша лауазымды тұлғалардың есіптіліктерін тындауға;

      9) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылған басқа да құқықтары бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылық басшымен іске асырылады, Бөлімге жүктелген міндеттерді атқаруға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті тартады.

      19. Бөлімнің басшысы аудан әкімімен тағайындалады және жұмыстан босатылады.

      20. Бөлімнің басшысының құзыреті:

      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен құзыретін анықтайды, заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін сонымен қоса Бөлімге ведомствалық кәсіпорындар басшыларын тағайындайды және жұмыстан босатады, өзіне бағынышты қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

      2) Бөлімнің барлық қызметкерлері ушін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      3) Бөлімнің штаттық кестесін бекітеді;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарда Бөлімді ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жататын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      5) Бөлімде және ведомствалық ұйымдарда жемқорлық құқық бұзушылықты жасаудың әр фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікке тартылады.

      Бөлім басшысының өкілеттілігін атқару оның болмауында қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлғамен атқарылады.

4. Мемлекеттік органның мүлігі

      21. Бөлімнің заңнамамен қарастырылған жағдайда күнделікті басқару құқығында оқшауланған мүлігі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлігі меншік иесімен берілген, сонымен бірге Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзінің қызметі нәтижесінде және өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақша табысын қоса алғанда) есебінен қалыптастырылады.

      Бөлімге тіркелген мүлік коммуналдық меншік болып табылады.

      22. Бөлім егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыруы және таратуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады