"Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 84 қаулысы. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 15.06.2023 № 144 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық сыпайылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды қамтамасыз етілсін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Радченко

  Қарасу ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 28 сәуірдегі
  № 84 қаулысымен
  бекітілген

Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қарасу орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      2) "Қарасу ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Достық" аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3) "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі.

      4) "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарасу Арена" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі 75.

      10. Осы ереже дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, іске асыру;

      2) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сала проблемаларын шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      3) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;

      4) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      5) Дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту болып табылады;

      6) "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Қарасу ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру, аудан аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдай жасау; азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру бостандығына құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. шығармашылық, мәдени қызмет, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру; демалыс саласын дамытуға, халықтың әртүрлі топтарының мәдени-демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру; аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын іске асыру, халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің іске асырылуы туралы хабардар ету.

      15. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;

      мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

      қарамағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелер және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар аудан ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

      заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу.

      2) міндеттері:

      мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;

      16. Функциялар:

      1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;

      2) аудандық деңгейде спорт түрлерінен жарыстар өткізу;

      3) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      4) аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      5) аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      6) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі әдіскер біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсету біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі";

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге міндетті.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      17. Бөліміне басшылықты мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.

      20. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      2) Бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) Бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      4) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде ғана бұйрықтар шығарады;

      5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады және көтермелеу шараларын қолданады;

      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      8) Бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      21. Бөлімінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімнің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады