"Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 92 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Сандыбаев

  Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 19 мамырдағы
  № 92 қаулысымен
  бекітілген

"Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ұзынкөл ауданы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі) әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ведомство жоқ.

      3. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ч. Валиханова 39Б. көшесі.

      10. Осы Ереже Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті және облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің дене шынықтыру және спорт саласындағы саясатын өмірге енгізу;

      2) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

      3) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

      4) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      белгіленген заңнамалық тәртіппен "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінік беру;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттер:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

      2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;

      3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      5) аудан аумағында аудандық дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру және олардан айыру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетеді;

      7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру және олардан айыру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетеді;

      8) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетеді;

      9) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;

      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етедi;

      11) Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілер беру қағидаларына, сондай-ақ олардың сипаттамасына және Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдалану қағидаларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      12) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөліміне басшылықты Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;

      2) "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      5) бұйрықтар шығарады;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      19. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

4. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады