"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-қосымшаларда:

      14-тармақтың 52) тармақшасы алынып тасталсын;

      19-тармақта:

      19), 20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;

      20) Департаменттің және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін береді (растайды);

      21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және азаматтық қорғау органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге ұсынымдар енгізеді;";

      21-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 27-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030006 индексі, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Н. Қобыландин көшесі, 7-үй.";

      көрсетілген бұйрыққа 38-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 161200 индексі, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, 16-ғимарат.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады