"Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 403/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса берілген "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 605/9 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ж. Байбакировке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы " 31 " мамыр
№ 403/3 қаулысына
қосымша

"Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы: Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің "Жастар бастамасын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14 А.

      10. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде-государственное учреждение "Отдел внутренней политики города Аксу".

      12. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. Мақсаттары:

      1) Ақсу қаласының мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру, ішкі саясат саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалу мониторингін және талдауын қамтамасыз ету бойынша өзара әрекет жасау;

      2) қоғамдық бірлестіктерді, саяси партияларды, қоғамдық-саяси ұйымдарды, кәсіподақтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, жұртшылық өкілдерін қолдаудың және өзара қарым-қатынас жасаудың қалалық инфрақұрылымын дамыту;

      3) ішкі саясат саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға ықпал ету;

      4) ішкі саясат үдерістерін реттеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау шараларын әзірлеу, Ақсу қаласының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі қалалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша өзара әрекет жасау;

      5) Ақсу қаласында болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты мониторингілеу, болжау және объективті зерделену жүйесін ұйымдастыру;

      6) Ақсу қаласының ішкі саясат саласындағы басымдықтарын әзірлеу;

      7) мемлекеттік ішкі саясаттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілері мен тапсырмаларының, "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Ақсу қаласы әкімдігі мен әкімі актілерінің іске асырылу барысын мониторингілеу;

      8) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттауға қатысу;

      9) ішкі саясат мәселелерінде тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтары негізінде қоғамды біріктіру жөнінде ұсыныстар жасау;

      10) мемлекеттік ақпараттық саясатты қалалық деңгейде жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;

      11) Ақсу қаласында қоғамдық-саяси жағдайға болжам жасауға бағытталған социологиялық және саясаттанушылық зерттеулер жүргізу;

      12) Ақсу қаласының аумағында Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыру;

      13) коммуникацияларды, цифрлық индустрияны дамытуды қамтамасыз ету, кең жолақты интернетке қолжетімділік мәселелерін ауылдық және жеке елді мекендерді ескере отырып, даму бағдарламасының басты элементі ретінде түсіндіру және насихаттау;

      14) Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы күрес туралы", "Экстремизмге қарсы күрес туралы", "Діни бірлестіктер мен діни қызметтер туралы" Заңдарының және де азаматтардың дін ұстану еркіндігі деген құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің іске асуын қамтамасыз ету;

      15) азаматтардың діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      16) діни сенім бостандығында азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру және діни бірлестіктердің қызметін, кішігірім діни топтар мен миссионерлердің қызметін жүзеге асыру саласында елде болып жатқан үдерістерді жан-жақты және объективті зерттеу, жалпылау және талдау;

      17) рұқсат етілмеген наразылық акциялардың алдын-алу және қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемелкеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

      17. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) Ақсу қаласы әкімінің қарауына қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағына жататын мәселелер жөнінде ақпараттық-аналитикалық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

      1.2) "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      1.3) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік, аумақтық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

      1.4) "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта қорғау;

      1.5) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

      1.6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.

      2) міндеттері:

      2.1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      2.2) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын сақтауды және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

      2.3) оларға берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      2.4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалану.

      18. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, Ақсу қаласы әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру;

      2) Ақсу қаласы әкімдігі мен әкімінің "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі актілерінің жобаларын дайындау;

      3) Ақсу қаласы әкімдігінің өңір, мемлекеттік билік органдарының қоғамдық-саяси және экономика салаларындағы қызметі туралы ақпаратты тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысына қатысу;

      4) өңірде Қазақстанның 2050 жылға дейін даму стратегиясын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, басқа стратегиялық құжаттарды түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;

      5) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      6) ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік ішкі саясат мәселелері жөніндегі қызметін және ақпараттық-насихаттау жұмыстарының барысын үйлестіру;

      7) Ақсу қаласы әкімдігінің мәжілістеріне өңірдің ішкі саяси өмірінің мәселелері жөнінде материалдар дайындауға қатысу;

      8) қаланың этномәдени бірлестіктеріне ұйымдық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

      9) ішкі саясат саласында, этностар арасындағы қатынастар, Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;

      10) мемлекеттің ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық дерекқорды (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу;

      11) саяси партиялармен, этномәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды және бақылауды жүзеге асырылуын бақылау;

      13) Ақсу қаласында ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

      14) мемлекеттік рәміздерді насихаттау, әдістемелік көмек көрсету және қолдану жұмыстарын жүзеге асыру және ол бойынша ақпарат ұсыну;

      15) "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының жағдайын, кадрлармен қамтамасыз етілуін талдау;

      16) "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

      17) Ақсу қаласы әкімінің тапсырмаларын, әкімдігінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;

      18) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және оларды тұрақты дамыту;

      19) "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;

      20) Ақсу қаласының аумағында жаңа цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      21) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтердің электрондық сервисін көрсетулері бойынша өзара іс-қимылдарының стратегиясын, нысандары мен әдістерін белгілеу және барлық органдардың нысаналы индикаторларына қол жеткізу;

      22) экономиканың барлық салаларының өсуімен, соның ішінде мемлекеттік және жеке цифрлық қызметтерге байланысты қажетті цифрлық дағдыларды игерген креативті қоғам құру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      23) облыстың мемлекеттік органдарымен және мүдделі органдармен бірлесіп, Электронды үкіметтің жаңғыртылған веб-порталында мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша азаматтарға сапалы консультациялар көрсетуді қамтамасыз ету;

      24) мемлекеттік органдардың олардың функцияларын цифровизациялау кезінде тұрғындармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

      25) семинарлар өткізу, мамандар мен мамандандырылған ұйымдарды, мекемелерді тарту жолымен жер-жерлерде тұрғындардың кең тобын цифрлық сауаттылыққа оқу орталықтары және курстары арқылы оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      26) қаланың терроризмге қарсы комиссия аппаратының қызметін ұйымдастыру, өңірдегі діни ахуалды зерттеу және талдау;

      27) діни қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      28) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды ұсыну;

      29) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асырады;

      30) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үйді бөлу және ұсыну;

      31) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады;

      32) еріктілік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      33) бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге келісім алу туралы хабарламаны немесе өтінішті қарау, әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау;

      34) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      20. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;

      6) "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      7) "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және сол үшін дербес жауапты болады.

      "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын бас маманға жүктеледі.

4-тарау. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншікте қалады.

6-тарау. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын ұйымдардың тізімі

      27. Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің "Жастар бастамасын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады