Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 364-V "Атырау облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 177-VII шешімі

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 364-V "Атырау облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидасы, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3178 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып келесі редакцияда жазылсын:

      "Атырау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:"

      1-тармақта:

      1) тармақша алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысының
міндетін атқарушысы
Қ. Қоныс

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады