"Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 216 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 171 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 27.06.2023 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, 124 бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г. Хасанова

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "30" мамырдағы
№ 216 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлім) - ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, үй 2.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Құрманғазы ауданының агроөнеркәсiптiк кешенiн, ауылдық аумақтарда ауыл шаруашылығын дамытуды, мемлекеттiк реттеудi және жерлерді тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      бөлімнің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, меншік түріне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен өз құзыреті шегінде өзара байланыс жасау;

      тиісті кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;

      міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға ұсыныс жасауға құқылы;

      мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан құзыретіне жатқызылған мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;

      жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жер саласына қабылданған шешімдерін күшін жоюға немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген басқа да құқықтары бар;

      бөлім өз құзыреті шегінде әкімшілік істерді қарауға және хаттамалар мен қаулылар қабылдауға құқылы.

      2) Міндеттері:

      агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құру, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдау, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын дамыту және техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету;

      жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      ауданның жер қатынастарының жай-күйі туралы біртұтас деректер банкін құру және жүргізу;

      мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерін қорғау;

      жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру.

      15. Функциялары:

      агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

      ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

      агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны ауданның, облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

      ауданда азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың, ауданның жергілікті атқарушы органдарына (әкiмдiгіне) есептілік ұсыну;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;

      аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

      ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқымдық және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, маусымдық ауыл шаруашылығы науқандарының тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсетеді;

      бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      ауылшаруашылық өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысады;

      азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізеді;

      жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді;

      заңнамамен белгіленген тәртіпте балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық ресурстарын пайдаланушыларға бекітіп беру және балық шаруашылығының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;

      балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;

      рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді; балық өнімінің ассортименті бойынша өңірлік жәрмеңкелер, көрмелер ұйымдастырады;

      балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру, мемлекеттік нөмірлік белгі беру, арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;

      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      ауданның жерін аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      ауданның жер балансын жасау;

      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

      жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      жер - кадастрлық жоспарды бекіту.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Бөлім басшысының өкiлеттiктерi:

      бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге тікелей жауапкершілікте болады; қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Бөлімнің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы немесе лауазымды тұлға басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімнің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады