Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-4 "Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 14-3 шешімі

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6087 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді";

      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс";

      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 шiлдеде № 28925 болып тіркелді) 7-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады