Ақмола облысының аумағында карантиндік режимінің күшін жою және "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № А-3/79 қаулысы

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 20 ақпандағы №03-06-70 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы аумағында келесі аудандарда залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:

      1) Жарқайың ауданы, Отрадный ауылдық округі, залалданған ауданы - 400 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;

      2) Қорғалжын ауданы, Кеңбидайық ауылдық округі, залалданған ауданы - 150 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;

      3) Қорғалжын ауданы, Қарашалғын ауылдық округі, залалданған ауданы - 615 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;

      4) Сандықтау ауданы, Васильев ауылдық округі, залалданған ауданы - 540 гектар жатаған (қызғылт) укекіре.

      5) Целиноград ауданы, Мәншүк ауылдық округі, залалданған ауданы - 0,46 гектар далалық арам сояу.

      2. "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 9 наурыздағы
№ А-3/79 қаулысына
1-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) укекіремен залалданған аймақтардың көлемі

Аудандардың атауы

Ауылдық округтердің атауы

Залалданған жерлердің көлемі, га

1

Ақкөл

Ауылдық округтері: Новорыбин, Урюпин

517

2

Астрахан

Ауылдық округтері: Первомай, Николаев, Ұзынкөл, Астрахан, Есіл, Острогор, Каменка ауылы.

11 680,3225

3

Атбасар

Ауылдық округі: Сергеевка, Шұңқыркөл, Атбасар қаласы.

976,9417

4

Аршалы

Ауылдық округтері: Жібек жолы, Константинов, Бірсуат

960

5

Бұланды

Ерголка ауылдық округі.

377

6

Біржан сал

Ауылдық округтері: Баймырза, Бірсуат, Макинка, Мамай ауылы

2367

7

Егіндікөл

Ауылдық округтері: Алакөл, Ұзынкөл, Жалманқұлақ; ауылдар: Абай, Спиридоновка, Буревестник, Егіндікөл, Бауман.

13 712,3

8

Ерейментау

Еркіншілік ауылдық округі

650

9

Есіл

Ауылдық округтері: Бұзылық, Двуречный, Жаныспай, Красивинский, Қаракөл, Свободный; ауылдар: Ақсай, Московский; Красногорский кенті

18 477,0

10

Жарқайың

Державин қаласы, ауылдық округтері: Уәлихан, Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львов, Пригород, Пятигор, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл, Үшқарасу.

82 484,5

11

Жақсы

Ауылдық округтері: Жаңа Қийма, Ешім, Қызылсай, Запорожье, Тарасов, Беловод, ауылдар: Жақсы, Терісаққан, Белағаш, Подгорное, Киевское, Новокиенка

13 768,8816

12

Зеренді

Ауылдық округтері: Зеренді, Күсеп.

683

13

Сандықтау

Ауылдық округтері: Барақпай, Васильев, Веселов, Жамбыл, Сандықтау, Широков, Максимов; Мәдениет ауылы,

5 896,0

14

Қорғалжын

Ауылдық округтері: Қорғалжын, Кеңбидайық, Арықты, Майшұқыр, Қызылсай, Амангелді, Қарашалғын.

32 152,26

15

Целиноград

Ауылдық округтері: Шалқар, Софиевка, Рахымжан Қошқарбаев, Арайлы, Жаңаесіл, Нұресіл, Оразақ, Жарлыкөл, Родина; ауылдар: Мәншүк, Ақмол

38 202,5077

16

Шортанды

Ауылдық округтері: Раевка, Новокубанка, Бектау, Пригородный, Петровка, Андреевка, Бозайғыр, Дамса; Шортанды кенті.

11 373,267


Барлығы:


234 277,9805

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 9 наурыздағы
№ А-3/79 қаулысына
2-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы аумағында карантиндік арамшөп – далалық арам сояумен залалданған жерлердің көлемі

Аудандардың атауы

Қалалар, кенттер, ауылдық округтер және ауылдардың атауы

Залалданған алаң, га

1

Есіл

Ауылдық округтері: Двуречный, Қаракөл, Интернациональный, Свободный.

40,0

2

Жақсы

Ауылдық округтері: Ешім, Жаңа Қийма, Қызылсай.

10,188

3

Жарқайың

Ауылдық округтері: Уәлихан, Жаңадала, Отрадный; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Пригород, Пятигор, Далабай.

44,3

4

Сандықтау

Ауылдық округтері: Балкашин, Сандықтау, Широков.

6,9

5

Зеренді

Айдабол ауылдық округі

0,4884


Барлығы:


101,8764

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 09 наурыздағы
№ А-3/79 қаулысына
3-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
3-қосымша

Ақмола облысы аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған жерлердің көлемі

Аудандардың атауы

Ауылдық округтердің атауы

Залалданған алаң, га

1

Сандықтау

Балкашин ауылдық округі

17,5

Белгород ауылдық округі

35,0


Барлығы:


52,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады