Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 19 маусымдағы № 01-28-224 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауыл аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ж.Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады