"Ганимед Азия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № А-4/96 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, 2020 жылы 21 желтоқсандағы № 1080-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде Ерейментау ауданы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ганимед Азия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылғы 21 желтоқсандағы дейінгі мерзімге Ерейментау ауданының Қойтас ауылдық округінің әкімшілік шекараларында жалпы ауданы 4900,3 гектар жер учаскелерін алып қоймастан пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ганимед Азия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;

      2) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Б.Н. Ыбыраевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Мұқатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады