"Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 55 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. ""Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 10 шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әйтеке би аудандық
мәслихаттың төрағасы:
Б.Д. Сейлханов

  Әйтеке би аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
26 маусымдағы № 55 шешімімен
бекітілген

"Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Әйтеке би аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030100, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов көшесі, 62.

      "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

      Мемлекеттік органның толық атауы - "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, мәслихат депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан мәслихат құзыреті мәселелері бойынша қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;

      Міндеттері:

      1) мәслихат аппаратын жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;

      2) мәслихат және оның органдарының отырыстарына қатысу;

      3) аудандық мәслихаттың және оның органдарының жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді жүзеге асыру;

      4) аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;

      5) аудандық мәслихатқа жолданған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) аудандық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүзеге асырады;

      2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;

      3) аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен аудандық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;

      5) аудандық мәслихаттың сессиялары мен оның басқа да органдарының отырыстарының стенограммаларын, хаттамаларын жүргізеді;

      6) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты, мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатын бірінші басшы – мәслихат төрағасы жүзеге асырады.

      17. Мәслихат төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.

      18. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      6) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша орындайды.

      19. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20."Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады