"KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу жер учаскесіне жария сервитутын белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 238 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ "Жер Кодексінің" 69 бабы, 4 тармағының 7-1 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-37 баптарын басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 186 – ЖҚГЗ Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияға сәйкес, "KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖТ-2023-01656636 санды өтініші негізінде, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Ақтөбе облысында орналасқан Мұғалжар учаскесінде сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Алға ауданы аумағынан жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерді алып қоймастан, қосымшада көрсетілген көлемі: 192756 гектар жер учаскелеріне 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жария сервитуты белгіленсін.

      2. "KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, сейсмологиялық зерттеу жұмыстары аяқталған соң, бүлінген жер учаскелерін қайта жаңғыртып қалпына келтіру (рекультивация) шараларын жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдау Алға ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданының әкімінің орынбасары А.Бошановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 19 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға тарайды.

      Аудан әкімі Н. Ержанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады