Карантинді алу және Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі "Карантинді белгілеу туралы" № 30 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 33 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35- бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 2-13/128 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ұсақ малдары арасынан анықталған шешек ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінде орналасқан "Саят" шаруа қожалығының аумағында белгіленген карантин алынсын.

      2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі "Карантинді белгілеу туралы" № 30 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көптоғай ауылдық
округінің әкімі:
Е. Асылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады