"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2023 жылғы 15 ақпандағы № 60 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 223) қосымшаға сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, М. Әуезов көшесі, 34.";

      көрсетілген бұйрыққа 225) қосымшаға сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 52.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрықтың Департаментінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (М.С. Қыстаубаева) осы бұйрықты Департаментінің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитетінің төрағасы
Д. Жанәлінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады