Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" № 396 бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.

      3. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етcін.

      4. Комитеттер осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген мерзімде қабылдасын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Министр Ғ. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
2023 жылғы "____" _________
№ _____бұйрығымен
бекітілген
1 қосымша

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Орта білім беру комитеті (бұдан әрі – Комитет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын, реттеу және іске асыру функцияларын орындайтын ведомство болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, №11 кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түспейді.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, құқықтары мен міндеттері, функциялары

      13. Мақсаттары:

      1) орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      2) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

      3) тұлғаның зияткерлік, шығармашылық негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірулермен түсініктемелер беру;

      3) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;

      4) Еңбек кодексінде және Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауаптылыққа тарту;

      5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша өзара іс-қимыл жасауға құқылы;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) азаматтардың орта білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

      2) білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      3) бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу;

      4) орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу;

      6) орта білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      7) орта білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      8) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына байланысты орта білім беру ұйымдары желісінің кепілді мемлекеттік нормативін әзірлеу;

      9) орта білім беру ұйымдары қызметінің тиісті типтегі үлгілерімен және түрдегі үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу;

      11) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      12) орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      13) орта білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын дайындау, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу;

      14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асыру және оны жүргізуді үйлестіру, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

      15) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      16) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлеу;

      17) білім беру қызметінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын әзірлеу;

      18) білім беру ұйымдары, оның ішінде шағын жинақты мектептер түрлерінің номенклатурасын әзірлеу;

      19) гранттардың мөлшерін және оларды беру тәртібін белгілей отырып, "Орта білім берудің үздік ұйымы" грантын беруге конкурстар өткізу қағидаларын әзірлеу;

      20) орта білім беру ұйымдары үшін жекелеген пәндер бойынша базалық оқулық пен оқу-әдістемелік кешенді айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      21) білім туралы құжаттардың түрлерін, мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білімін аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысандарын әзірлеу;

      22) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді, сақтауды, есепке алуды және беруді ұйымдастыру және оларды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

      23) әлеуметтік педагогтерді, педагог - психологтарды, арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтерін, сондай-ақ қосалқы персоналды қоспағанда, мемлекеттік орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын әзірлеу;

      24) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеу;

      25) педагогтің жұмыс және демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын әзірлеу;

      26) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлеу;

      27) "Алтын белгі" белгісі туралы ережені әзірлеу;

      28) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін әзірлеу;

      29) орта білім беру ұйымын дамыту бағдарламасын әзірлеу құрылымы мен қағидаларын әзірлеу;

      30) тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру бойынша ең төменгі техникалық талаптарды әзірлеуге қатысу;

      31) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды айқындау;

      32) орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлеу;

      33) педагогтерді аттестаттаудан өту қағидаларын әзірлеу;

      34) педагогтер лауазымдарының тізбесін әзірлеу;

      35) "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын әзірлеу;

      36) педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдаcтыру;

      37) тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды әзірлеу;

      38) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларын әзірлеу;

      39) тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісім бойынша педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;

      40) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      41) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын келісу және қағидаларын әзірлеу;

      42) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      43) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын әзірлеу;

      44) орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандарын әзірлеу;

      45) білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      46) орта білім беру саласында білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын басқаруды, сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      47) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуына бақылау жүргізу;

      48) білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;

      49) білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      50) орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын үйлестіру;

      51) интернаттық ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізу (мектеп жанындағы және мектеп интернаттары);

      52) білім алушыларды аттестаттау әдістемесін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      53) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарын сайлау тәртібін қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      54) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру;

      55) орта білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      56) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде орта білім беру саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою жөнінде ұсыныстар дайындау, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және осы жұмысты үйлестіру;

      57) орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтардың және орта білім беру ұйымдары үшін оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеуге қатысу;

      58) орта білім беретін республикалық ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

      59) жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;

      60) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастыру;

      61) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы мөлшерін әзірлеу;

      62) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылардың құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      63) соңғы үш жылдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру грантын және оларды іріктеу өлшемшарттарын бере отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен орындаушылардың халықаралық конкурстарының тізбесін қалыптастыру;

      64) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін қалыптастыру, олар бойынша оларды дайындаған жеңімпаздар, жүлдегерлер мен педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленеді;

      65) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

      66) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;

      67) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

      68) министрліктің өкілеттігі шегінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу;

      69) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру, оларды оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру саласында іске асыруды жүзеге асыру;

      70) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру саласындағы орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептер әзірлеу;

      71) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      72) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысу;

      73) уәкілетті органға базалық қаржыландыру субъектілерінің және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      74) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      75) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітуге ұсыну;

      76) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды олар орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      77) уәкілетті органға ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына қосу үшін кандидатуралар жөнінде ұсыныстар енгізу және олардың құрамын келісу;

      78) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;

      79) орта білім беру саласындағы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      80) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      81) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты ұсыну;

      82) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      83) жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      84) жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті орта білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      85) білім беру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      86) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      87) Министрлік қалыптастыратын мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      88) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын келісу;

      89) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      90) республикалық орта білім беру ұйымдарында білім беру сапасын қамтамасыз ету;

      91) орта білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау;

      92) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

      93) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

3-тарау. Комитет Төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:

      1) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      2) Министрліктің Аппарат басшысына қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану және мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту, іссапарға жіберу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық актілер шығарады, Комитеттің қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын сұрақтар бойынша нұсқау береді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      6) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;

      7) өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;

      8) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      20. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      __________________________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы "___" ________
№ _____ бұйрығына
2 қосымша

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) Балалардың құқықтарын қорғау саласында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ ведомство құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомство болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, №11 кіреберіс.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен өзінің өкілеттіктеріне кіретін міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджетке жіберіледі

2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары

      13. Мақсаттары:

      1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) балаларды кемсітуге жол бермеу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзылған жағдайларда олардың құқықтарын қалпына келтіру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсініктеме беру;

      3) Комитеттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдар қызметіне қатысу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;

      5) Комитет қызметкерлерінің Министрлік пен мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырған біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына қатысуын қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің, Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап қою;

      7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама әзірлеуге және оларды сот органдарына беруге;

      8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар әзірлеу және әкімшілік жаза қолдану;

      9) қажет болған жағдайда тексерілетін субъектілерге бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардан мамандар, кеңесшілер және сарапшылар тарту;

      10) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптамалық комиссиялар құру;

      11) қызметкерлерді көтермелеуге, тәртіптік жазаны қолдануға және алып тастауға ұсыныс беру;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;

      14) әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

      15) әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны, күні және уақыты туралы алдын ала хабардар ету;

      16) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында тыңдауға;

      17) әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу;

      18) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тартуға;

      19) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      20) Комитеттің құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік мамандарды тарту;

      21) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;

      22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін, ақпараттандыруын қамтамасыз ету;

      23) отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      24) отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың оларды көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      25) отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету аясында уәкілетті органдарға тиісті ақпарат беру;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) балалардың құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, балалардың өмір сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету;

      2) балалардың құқықтарын қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайын мемлекеттік баяндаманы әзірлеу және оны ресми басылымда жариялау;

      5) өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласының әртүрлі аспектілеріне зерттеулер жүргізу;

      6) жыл сайын "Балалардың хал-ахуал индексі" мониторингін жүзеге асыру;

      7) білім беру жүйесін басқару органдарын балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      8) балалардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      9) орталық және жергілікті атқарушы органдардың балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      10) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      11) Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      12) Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының қызметін үйлестіру және мониторингілеу;

      13) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездіктің болуын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      14) жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының балалар еңбегін пайдалануға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторин жүргізу;

      15) жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының балалар саудасы фактілерін жою, адам саудасынан зардап шеккен балалардың құқықтарын қорғауды және қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу;

      16) жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру, мониторинг жүргізу және балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      17) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдермен, үкіметтік емес ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      18) балалардың құқықтарын қорғау саласында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құру;

      19) өз құзыреті шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы педагогтер мен мамандарды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      20) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      21) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды және дамытуды қамтамасыз ету;

      22) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық ісіндегі мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      23) халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      24) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу, өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қою жөніндегі қызметті үйлестіру;

      25) баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүдделерін білдіру;

      26) бала құқықтары туралы, балаларды қорғау және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы, Халықаралық балаларды ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      27) Халықаралық балаларды қорғау күнін, Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      28) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мерзімді мемлекеттік баяндаманы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;

      29) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен тұлғаның баланы тәрбиелеуге алуға болмайтын аурулар тізбесін келісу;

      30) Балалар ауылының отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыратын тәрбиеші-ананы конкурстық іріктеу тәртібін айқындау;

      31) балалар ауылдарындағы отбасы туралы ережені әзірлеу;

      32) балалар ауылының әкімшілігі туралы ережені әзірлеу;

      33) Жасөспірімдер үйі туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      34) тәрбиеші-аналардың біліктілік санаттарын әзірлеу және белгілеу;

      35) балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы үлгілік шартты әзірлеу;

      36) балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушісі (түлек) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде ұстау туралы үлгілік шартты әзірлеу;

      37) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем мөлшерін тағайындау, қайтару қағидаларын әзірлеу;

      38) патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшерін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      39) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйлерін жалға берудің үлгілік шартын әзірлеу;

      40) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйінің сақталу қағидаларын әзірлеу;

      41) отбасылардың тұруына арналған пәтер үлгісіндегі тұрғын үй-жайлары, әкімшілік ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ үй жанындағы және қосалқы (үй) шаруашылығы бар балалар ауылдары аумақтарының ең аз мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлеу;

      42) қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшерін әзірлеу;

      43) кәмелетке толмағандарға қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      44) асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы ақпаратты есепке алу қағидаларын әзірлеу;

      45) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамы қағидаларын әзірлеу;

      46) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын әзірлеу;

      47) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;

      48) жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;

      49) асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбиелеу жағдайлары және денсаулық жағдайы туралы есеп нысанын ұсыну қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      50) патронаттық тәрбиелеу туралы ережені әзірлеу;

      51) асырап алушы отбасылар туралы ережені әзірлеу;

      52) бала қонақтайтын отбасы туралы ережені әзірлеу;

      53) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын әзірлеу;

      54) асырап алушыларға берілген жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары мен мөлшерін әзірлеу;

      55) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      56) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеу;

      57) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

      58) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеуді жүргізу;

      59) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімдерді, бала асырап алу жөніндегі агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін ұзарту (ұзартудан бас тарту туралы), тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы дәлелді шешімдерді беру;

      60) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізу;

      61) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіру;

      62) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу;

      63) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы шешімдер беру немесе жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі ұйымның қызметін ұзарту (ұзартудан бас тарту туралы), тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы дәлелді шешімдерді аккредиттеуден бас тарту;

      64) жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіру;

      65) жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, қабылдау және бала қонақтайтын отбасы мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      66) психологиялық даярлық бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификат нысанын әзірлеу;

      67) білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу;

      68) балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

      69) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге халықтың қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

      70) балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      71) балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      72) балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      73) балалар отбасы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      74) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      75) ең төменгі әлеуметтік стандарттарды, балалар өмірі көрсеткіштерінің нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;

      76) Комитет құзыреті шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      77) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

      78) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағымдар, өтініштер негізінде бақылау субъектілеріне (объектісіне) бармай, бақылау субъектілеріне (объектісіне) барып, жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыру;

      79) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына, девиантты мінез-құлқы бар және ерекше режимдегі балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы ұйымдарға бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін жасау;

      80) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына, девиантты мінез-құлқы бар және ерекше режимдегі балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы ұйымдарға бармай-ақ баланың құқықтарын қорғау саласында профилактикалық бақылау жүргізудің жылдық тізімін жасау;

      81) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ұсынымдар жасау және жолдау;

      82) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды бақылау субъектісінің орындауына мониторинг жүргізу;

      83) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда профилактикалық бақылауды/жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу;

      84) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау нәтижелері туралы нұсқама/акт жасау;

      85) әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда материалдарды дайындау және сотқа жіберу;

      86) баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлеу;

      87) мемлекеттік бақылауда тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін автоматтандыру;

      88) көзделген құзырет шеңберінде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуге қатысу;

      89) тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісім бойынша көзделген құзырет шеңберінде педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеуге қатысу;

      90) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеуге қатысу;

      91) білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын әзірлеуге қатысу;

      92) Комитет құзыреті шеңберінде педагогтер лауазымдарының тізбесін әзірлеуге қатысу;

      93) Комитет құзыреті шеңберінде мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      94) Комитет құзыреті шеңберінде педагогтерді аттестаттаудан өту қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      95) Комитет құзыреті шеңберінде білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, сондай-ақ "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыруды, сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындауға қатысу;

      96) Комитет құзыреті шеңберінде "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      97) Комитет құзыреті шеңберінде баланы жәбірлеудің (қорқытудың) алдын алу қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      98) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі комитеттің құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау;

      99) Комитет құзыреті шеңберінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша Министрліктің даму жоспарын әзірлеуге қатысу;

      100) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

      101) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:

      1) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      2) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану және алып тастау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық актілер шығарады, Комитеттің барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын сұрақтар бойынша нұсқау береді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптырн сақтауға басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      6) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;

      7) Комитет орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      8) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      20. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен қалыптастырылады.

      21. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      __________________________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы " " _________
№ _____бұйрығына
3-қосымшасы

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде, қосымша білім беру, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау саласында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне қатысты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады, сондай-ақ ведомствоның құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, №11 кіреберіс.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары

      13. Мақсаттары:

      1) ведомствоның құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысуы;

      2) білім беру жүйесінің сапасын сырттай бағалау, мемлекеттік бақылау жүргізу жолымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруы.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

      3) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;

      4) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында қарастырылған тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану және мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс жолдау;

      6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      7) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;

      8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;

      9) тексерілетін субъектілерге бақылау жүргізу кезінде мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тарту;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;

      11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      14) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      15) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұтынушыларды ақпараттандыру;

      16) мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат ұсыну;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқытар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

      2) Комитеттің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;

      3) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу;

      4) рухани білім беруге арналған жұмыс істеу қағидаларына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру;

      5) білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құру;

      6) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде:

      бастауыш білім;

      негізгі орта білім;

      жалпы орта білім;

      біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды жүзеге асыру бойынша жұмысын үйлестіру;

      7) рухани білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      9) республикалық білім беру ұйымдарына (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары) және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарда мемлекеттік аттестаттауды өткізу;

      10) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      11) республикалық білім беру ұйымдарының, рухани білім беру және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу;

      12) республикалық білім беру ұйымдарының, рухани білім беру және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуына жоспардан тыс тексеру жүргізу;

      13) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

      14) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;

      15) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауды жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру;

      16) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және қосымша білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      17) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

      18) білім беру ұйымдарының бағалау өлшемдерін әзірлеу;

      19) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу;

      20) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану рәсімін жүзеге асыру;

      21) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттелген органдарын тану қағидаларын әзірлеу, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін, сондай-ақ оларды оған енгізу, тоқтата тұру және одан шығару негіздерін қалыптастыру;

      22) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, Комитеттің өкілеттіктері шегінде ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      24) білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      25) білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингілеу жүргізу;

      26) бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен білім беру мониторингін жүзеге асыру;

      27) білім беру жетістіктерін мониторингілеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;

      28) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;

      29) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттарды тану қағидаларын әзірлеу;

      30) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепге дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      31) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда әзірлеу;

      32) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

      33) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепге дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу;

      34) мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын әзірлеу;

      35) мектепге дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйлестіру;

      36) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлеу;

      37) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

      38) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      39) мемлекеттік қызмет көрсету;

      40) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;

      42) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

      43) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру жұмысын үйлестіру;

      44) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен, хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру жұмысын үйлестіру;

      45) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастау;

      46) білім беру ұйымдарын салу, күрделі және ағымдағы жөндеу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бейнебақылау жүйелерімен және санитариялық-гигиеналық жайлылықпен (жылы дәретханалар) жарақтандыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, авариялық және үш ауысымды мектептердің дайындығына, педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелеріне мониторинг жүргізу жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

      47) білім беру ұйымдарда педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг (талдау) жүргізу бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

      48) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және ішкі бақылау, сондай-ақ оларға Комитет қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету;

      49) білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, академиялық білімін, мәтінді түсіну сапасын және компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау, сондай-ақ мұғалімдердің жұмыс жағдайын бағалау бойынша халықаралық зерттеулер жүргізуді үйлестіру;

      50) "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      51) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төмен талаптарды әзірлеуге қатысу;

      52) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыруға қатысу және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында олардың іске асырылуын жүзеге асыру;

      53) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөнінде есептерді қалыптстыруға қатысу;

      54) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      55) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Министрліктің даму жоспарын әзірлеуга қатысу;

      56) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      57) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу, сондай-ақ Комитет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру;

      58) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақытылы шаралар қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу;

      59) білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау;

      60) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

      61) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

      62) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Комитетке басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитеттің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:

      1) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      2) Министрліктің Аппарат басшысына қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану және мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту, іссапарға жіберу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық актілер шығарады, Комитеттің және оның аумақтық органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын сұрақтар бойынша нұсқау береді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      6) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;

      7) өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;

      8) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      20. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады