"Copperberg (Копперберг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 02/03 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, "Copperberg (Копперберг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.С.Гильгенбергтың өтінішін қарастырып, 2022 жылғы 23 қыркүйектегі пайдалы қазбаларды барлау №1849 - EL лицензия негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Copperberg (Копперберг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Балқаш қаласы, Саяқ кенті, Ащыөзек станциясының солтүстік-шығысында орналасқан, ауданы 1179,49 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2028 жылдың 23 қыркүйегіне дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Copperberg (Копперберг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).

      3. "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі Қ. Камзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады